User's Guide

Нөмірді қалаусыз факс тізіміне қосу
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін түртіңіз.
3. Басымдықтар түймесін түртіңіз.
4. Қалаусыз факсты блоктау басыңыз.
5. + (Қосу белгісі) белгісін түртіңіз.
6. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз.
Қоңыраулар журналының тізімінен блокталатын факс нөмірін таңдау үшін ( Қоңыраулар
журналы ) түймесін басыңыз.
Блокталатын факс нөмірін қолмен енгізіп, Add (Қосу) түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Алынған факстың факс тақырыбында көрсетілетін факс нөмірін емес, басқару
тақтасы дисплейінде көрсетілетін факс нөмірін енгізгеніңізді тексеріңіз, себебі бұл нөмірлер
әртүрлі болады.
Қалаусыз факс нөмірлерінің тізімінен нөмірлерді жою
Бұдан былай факс нөмірін блоктағыңыз келмесе, қалаусыз факс тізімінен оны жоюға болады.
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін түртіңіз.
3. Басымдықтар түймесін түртіңіз.
4. Қалаусыз факсты блоктау басыңыз.
5. Жойылатын нөмірді түртіп, Жою түймесін түртіңіз.
Қалаусыз факс тізімін басып шығару үшін
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін, одан кейін Есептер басыңыз.
3. Факс есептерін басып шығару түймесін түртіңіз.
4. Қалаусыз факс есебі түймесін түртіңіз.
5. Басып шығаруды бастау үшін Басып шығару түймешігін басыңыз.
Телефон кітапшасының контактілерін орнату
Жиі қолданылатын факс нөмірлерін телефон кітапшасының контактілері ретінде орнатуға болады.
Бұл принтердің басқару тақтасын пайдалану арқылы сол нөмірлерді жылдам теруге мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Принтердің басқару тақтасынан телефон кітапшасының контактілерін жасап және басқарып
қана қоймай, сондай-ақ НР принтер бағдарламалық құралы мен принтер EWS секілді компьютеріңізде
қолжетімді құралдарды пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Принтердің басқару
құралдары бөлімін қараңыз.
Телефон кітапшасы контактісін жасау және өзгерту
Топтық телефон кітапшасының контактілерін жасау және өзгерту
KKWW Телефон кітапшасының контактілерін орнату 61