User's Guide

6. Жою түймесін түртіңіз.
7. Растау үшін Да (Иә) түймесін түртіңіз.
Телефон кітапшасы контактілерінің тізімін басып шығару
Телефон кітапшасы контактілерінің тізімін басып шығаруға болады.
1. Науаға қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
3. Теңшеу түймесін, одан кейін Есептер басыңыз.
4. Факс есептерін басып шығару түймесін түртіңіз.
5. Телефон кітапшасын басып шығару түймесін түртіңіз.
Факс параметрлерін өзгерту
Принтермен бірге берілген жұмысты бастау нұсқаулығында қадамдарды орындауды аяқтағаннан
кейін, факс үшін бастапқы параметрлерді өзгерту немесе басқа параметрлерді теңшеу үшін келесі
қадамдарды пайдаланыңыз.
Факстың тақырыпшасын теңшеу
Жауап беру күйін (автоматты түрдегі жауап) орнату
Жауап бермес бұрын қоңыраулардың санын орнату
Арнайы қоңырау үшін қоңырауға жауап беру үлгісін өзгерту
Теру түрін орнату
Қайта теру параметрін орнату
Факс жылдамдығын орнату
Факс дыбысының деңгейін орнату
Факстың тақырыпшасын теңшеу
Факстың тақырыпшасы жіберілетін әрбір факстың жоғарғы жағында атауды және факс нөмірін басып
шығарады. HP компаниясы НР принтерінің бағдарламалық құралын пайдалану арқылы факс
тақырыбын орнатуды ұсынады. Осы жерде сипатталғандай принтердің басқару тақтасын қолдану
арқылы да факс тақырыпшасын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір елдерде/аймақтарда факс тақырыпшасының мәліметтері заңмен талап етіледі.
Факс тақырыпшасын орнату немесе өзгерту
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін, одан кейін Басымдықтар басыңыз.
3. Заголовок факса (Факс тақырыбы) түймесін басыңыз.
4. Жеке немесе компания атын енгізіп, Дайын түймесін басыңыз.
5. Факс нөмірін енгізіп, Дайын басыңыз.
64 5-тарау Факс KKWW