User's Guide

Table Of Contents
Ақаулықты жою
Жүйе ақаулықтарын жоюға көмек ретінде HP компаниясы Бизнес қолдау орталығын (BSC)
ұсынады. BSC - құралдарды желі арқылы таңдау порталы. Бұл порталды қолданып
ақаулықтарды жою үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/go/workstationsupport торабын ашыңыз.
2. Сол жақтағы Бизнес қолдау орталығы мәзірінен ақаулықты жою тармағын таңдаңыз.
3. Өнімді таңдаңыз (ортасындағы терезе) тармағынан жұмыс бекеттері (жеке компьютер
бөлімінде) тармағын таңдаңыз.
4. Өнімді таңдаңыз тармағынан қажетті серия мен үлгісін және ақаулықты таңдауды
жалғастырыңыз.
Үздіксіз қолдау және белсенді чат
Белсенді чат арқылы HP компаниясына веб арқылы қолдау өтінішін жіберуге болады. Қолдау
өтінішін жіберген соң
, Белсенді чат қызметі компьютер туралы ақпаратты жинап, желі арқылы
көмек көрсететін маманға жібереді. Компьютер конфигурациясына байланысты ақпарат
жинауға 30 секунд қажет болады. Қолдау өтінішін жіберген соң, сіздің мәселеңіздің жеке
нөмірі, аймағыңыздағы қолдау сағаттары, болжанған жауап қату уақыты көрсетілген растау
хатын аласыз.
HP үздіксіз қолдау және белсенді чат туралы қосымша ақпаратты мына сайттан қараңыз:
http://instantsupport.hp.com/.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қызмет Linux жүйесінде берілмеген.
Тұтынушыға арналған кеңестер, қауіпсіздік кітапшалары мен ескертулер
Тұтынушыға арналған кеңестер, қауіпсіздік кітапшалары мен ескертулерді
1. http://www.hp.com/go/workstationsupportторабын ашыңыз.
2. Қажетті өнімді таңдаңыз.
3. <таңдалған өнім> көздері тармағынан толығырақ ақпарат…тармағын таңдаңыз.
4. Тәуелсіз көмек көздері: Терезе ортасынан қажетті әрекетті және индекс тізімінен қажетті
ақпаратты таңдаңыз.
Өнім өзгерістері туралы хабарлар
Өнім өзгерістері туралы хабарлар (PCNs) өнім өзгертілген соң 30-60 күн аралығында өзгерістер
туралы хабарлайтын жазбалар
. PCN-дер тұтынушыларға өнімдерге жасалған жаңартулар
туралы жетілдірілген жазбалар жібереді, мысалы жаңартылған BIOS нұсқасы сияқты.
Жаңартылған PCN-дер мына торапта орналасқан: http://www.hp.com/go/workstationsupport.
Қажетті өнімді таңдап, HP жұмыс станцияларының дереккөздері бөлімінен, толығырақ
ақпарат тарауын басыңыз.
Пайдалы кеңестер
Жұмыс бекеті, монитор немесе бағдарлама ақаулығы орын алса, төменде берілген жалпы
кеңестер пайдалы болуы мүмкін
.
HP ақаулықтарды жою көздері мен құралдары
39