User's Guide

Table Of Contents
9
Күнделікті күтім
Жалпы тазалау туралы қауіпсіздік ескертулері
Компьютерді тазалау үшін еріткіштер мен тез жалындайтын сұйықтарды қолданбаңыз.
Бөлшектерін суға немесе тазалайтын ерітіндіге салмаңыз; таза матаға алдымен сұйықты
шашып алып, сүртуге болады.
Пернетақта, тінтуір немесе желдеткіштерін тазалау үшін компьютерді қуат көзінен
ажыратыңыз
.
Пернетақтаны тазалар алдында суырып тастаңыз.
Ықшамдалған ауаны қолданғанда, көзіңіз шаң мен қоқыс кірмес үшін, бүйірлік
қалқандармен бірге жабдықталған қауіпсіздік көзілдірігін қолданыңыз.
Тазалғашы заттар
Компьютерді қауіпсіз тазалау үшін келесі тазалағыш өнімдерді қолданыңыз:
Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы, әдетте әртүрлі компаниялар
шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде.
Әйнек жуатын спиртсіз сұйықтық
Аздаған сабын ерітіндісі бар су
Құрғақ микроталшықты шүберек немесе күдері (майсыз статикалық қуаты жоқ шүберек)
Статикалық қуаты жоқ сүрткіштер
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бүлдіретін тазалағыш ерітінділері қолданбаңыз. Егер тазалағыш
өнімнің компьютерге қауіпсіздігін анық білмесеңіз, өнімнің құрамындағы заттардың тізімін
тексеріп, ингредиенттер арасында спирт, ацетон, аммоний хлориді немесе метил
хлоридінің болмауын қадағалаңыз.
Қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар компьютерді сызаттауы мүмкін. Уақыт өткен
сайын шаң мен тазалағыш заттардың агенттері сызаттарға жиналып қалуы мүмкін.
3D шассиін тазалау
Компьютерді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Қолдану және қызмет көрсету
нұқсаулығындағы қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
Дақтары мен кірін кетіру үшін түксіз мата мен таза су қолданыңыз.
Егер дақтар кетпесе, аздап ыдыс жуатын сұйықтықтықпен сабындалған жұмсақ
микроталшықты шүберек немесе күдерімен сүртіп алыңыз. Үстінен таза сумен
дымқылданған матамен сүртіп алыңыз.
Тазалап болған соң, компьютерді әрқашан таза, түксіз матамен сүртіп алыңыз.
Анда-санда компьютердің желдеткіштерін тазалап алыңыз. Жүн, шаң және басқа бөтен
заттар желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.
42
9-тарау Күнделікті күтім