User Guide - Windows 7
1 Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты
Желіге қосылу 16-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 71-бетте бөлімінен
қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта, сенсорлы
тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау 24-бетте атты
бөлімдерден қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз.
Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпаратты
бағдарламалық құралдың өндірушісі берген нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар
бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
●
Қалпына
келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру 80-бетте бөлімін қараңыз.
1










