User Guide - Windows 7
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу
үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама
жəне қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) пəрмендерін таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз
байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз
байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін
басыңыз.
3. Қосылатын сымсыз жергілікті желіні таңдаңыз.
4. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе
кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Қосылатын сымсыз жергілікті желі көрсетілмесе, Открыть центр управления
сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу)
пəрменін таңдап, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе
желіні орнату) түймешігін басыңыз. Желіні қолмен іздеу жəне оған қосылу немесе жаңа
желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылуды аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне
қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге жəне басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге
немесе қабырғалар жəне едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN
арқылы Интернетке көбірек орындардан жəне үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді.
HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып
табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет
етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен
бірдей.
Мобильді желілер оператор қызметімен бірге қолдану кезінде НР Мобильді кең жолақты модулі
саяхат жасау барысында немесе Wi-Fi таратқыштарының қамту аясының сыртында болу
кезінде Интернетке қосылу, электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу немесе
корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді.
20 Бап 3 Желіге қосылу










