User Guide - Windows 7
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның
қимылдары жəне меңзегіш
құрылғылар арқылы шарлау
Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің
сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады.
Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы
əрекет пернелері немесе төте пернелер болады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы
пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
●
Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) тармақтарын
таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын құрылғыны тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Меңзегіш таяқшаны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
24 Бап 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау










