User Guide - Windows 7

Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран (тек таңдаулы үлгілерде) меңзер əрекеттерін
саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды дисплей немесе сенсорлы тақтада
жəне олардың екеуінде пайдалана аласыз.
Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін
сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан
Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз.
2. Synaptics Pointing Device (Synaptics меңзегіш құралы) белгішесін нұқып, Pointing Device
Properties (Меңзегіш құрылғының сипаттары) тармағын таңдаңыз.
3. Көрсетілген терезеде құрылғыны таңдау үшін, Құрылғы параметрлері қойыншасын
нұқып, Параметрлер түймешігін басыңыз.
4. Көрсетілімді қосу үшін қимылды
таңдаңыз.
Қимылдарды ажырату немесе қосу үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан
Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз.
2. Synaptics меңзегіш құралы белгішесін нұқып, Меңзегіш құрылғының сипаттары
тармағын таңдаңыз.
3. Көрсетілген терезеде құрылғыны таңдау үшін, Құрылғы параметрлері қойыншасын
нұқып, Параметрлер түймешігін басыңыз.
4. Өшірілетін немесе қосылатын қимылдың жанына
құсбелгі қойыңыз.
5. Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 25