User Guide - Windows 7
3. Сандық картаны оның ұясынан шығарыңыз.
Смарт карталарды пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
ЕСКЕРІМ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі
түрін білдіреді.
Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі
қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті жəне шығысты
басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын
қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Өндірістік стандартты смарт карталар карта оқитын құралдармен
бірге пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт-картаның қауіпсіздік
мүмкіндіктері
туралы қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама жəне қолдау орталығына
кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрмендерін
таңдаңыз.
Смарт-картаны салу
1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу
құрылғысына орныққанша сырғытыңыз.
2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
50 Бап 7 Сыртқы карталар мен құрылғылар










