User Guide - Windows 7
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратыңызды қорғауға жəне қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР жəне Windows
құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай
келтіруге көмектеседі. Бұл бөлімде келесі процестер туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру медиасын жəне сақтық көшірмелерді жасау
●
Жүйені бастапқы күйіне немесе қалпына келтіру
Қалпына келтіру медиасын жəне сақтық көшірмелерді
жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне тек жақын арада жасалған сақтық
көшірме бірдей нəтиже береді.
1. Компьютер параметрлерін сəтті орнатқаннан кейін, НР қалпына келтіру медиасын
жасаңыз. Бұл кезеңде Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі жəне Драйверді қалпына
келтіру DVD дискісі жасалады. Windows DVD дискісін тұпнұсқалық амалдық жүйені қатты
диск зақымдалған немесе ауыстырылған жағдайда қайта орнату үшін пайдалануға
болады. Драйверді
қалпына келтіру DVD дискісінен арнайы драйверлер жəне
бағдарламалар орнатылады.
HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін
жасау 81-бетте бөлімін қараңыз.
2. Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралдарын мына əрекеттерді
орындау үшін пайдаланыңыз:
●
Жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмелерін жасау;
●
Бүкіл қатты дисктің сақтық көшірмесін жасау (тек таңдаулы үлгілерде);
●
Орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дисктерін жасау
;
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау.
ЕСКЕРІМ: Бұл нұсқаулықта сақтық көшірме жасау, бастапқы қалпына келтіру жəне қалпына
келтіру мүмкіндіктері туралы шолу беріледі. Берілетін құралдар туралы қосымша толық
ақпаратты Анықтама жəне қолдау орталығында қараңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына
кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып
шығаруды жəне кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
Жүйе істемей қалғанда, компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына
келтіруге болады.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 81-бетте бөлімін қараңыз.
80 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру










