User Guide - Windows 7

Нұсқаулар
Қалпына келтіру медиасын жасау немесе сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына
диск түрлерін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз: DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL
немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер қолданыстағы оптикалық диск түріне
байланысты болады.
Қалпына келтіру медиасын жасамас немесе сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын
компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасау
HP Recovery Disc Creator — қалпына келтіру дискісін жасаудың салыстырмалы жолын
ұсынатын бағдарламалық құрал бағдарламасы. Компьютерді сəтті орнатып болған соң, HP
Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасай аласыз. Бұл қалпына келтіру
медиасы қатты диск зақымдалса түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнатуға, сондай-ақ
драйверлер мен бағдарламаларды таңдауға мүмкіндік береді. HP Recovery Disc Creator
бағдарламасы қалпына келтіру DVD дискілерінің екі түрін жасайды:
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD
дискісінен қосымша драйверлер немесе
бағдарламаларды орнатпай амалдық жүйе орнатылады.
Драйверлерді қалпына келтіру DVD дискісінен дəл HP Software Setup утилитасы
драйверлер мен қолданбаларды орнатқандай, тек белгілі бір драйверлер мен
қолданбалар орнатылады.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
ЕСКЕРІМ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін тек бір рет қана жасауға болады.
Алайда, Windows DVD дискісі жасалғаннан кейін бұл медианы жасау мүмкін емес.
Windows DVD дискісін жасау үшін
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и
средства (Өнімділік жəне құралдар) > HP Recovery Disc Creator тармақтарын таңдаңыз.
2. Windows дискісін таңдаңыз.
3. Ашылмалы мəзірден қалпына келтіру құралын жазу үшін дискіні таңдаңыз.
4. Жазу процесін бастау үшін Создание (Жасау) түймешігін басыңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі жасалғаннан кейін Драйверлерді қалпына келтіру
DVD
дискісін жасаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и
средства (Өнімділік жəне құралдар) > HP Recovery Disc Creator тармақтарын таңдаңыз.
2. Драйверлер дискісін таңдаңыз.
3. Ашылмалы мəзірден қалпына келтіру құралын жазу үшін дискіні таңдаңыз.
4. Жазу процесін бастау үшін Создание (Жасау) түймешігін басыңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына келтіру дискілерін жəне
бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама жəне деректер
файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің
сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру қажет. Компьютерді іске қосуға жəне жүйе
Қалпына келтіру медиасын жəне сақтық көшірмелерді жасау 81