Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарғы жағы .......................
Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................. 21 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................................................... 22 Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану ...................................................... 22 Бір саусақты сырғыту ...................................................................... 22 Түрту ...............................................................................................
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану .............................................................................. 36 Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу .............................................................. 37 Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу ................ 37 Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану ..................................... 37 Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау ............................................... 38 Батарея қуатын пайдалану ..........
Пернетақтаны алмастыру ............................................................................... 51 Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ....................................................................... 53 Қатты дискіні шығарып алу ............................................................................. 53 Қатты дискіні орнату ........................................................................................ 55 Қатты дискінің жұмысын жақсарту .........................................
Тазалау іс рəсімдері ........................................................................................................ 74 Дисплейді тазалау ........................................................................................... 74 Компьютердің шеттері мен бетін тазалау ..................................................... 74 Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау ................................................. 74 Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ..........................................
14 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................ 92 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................ 92 Жұмыс ортасы .................................................................................................................................. 92 Қосымша а Компьютерді сапарға алып шығу ..............................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows түймешігін басыңыз. Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Basics (Windows 8 Негіздері) нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (4) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Микрофон дыбысын өшіру шамы Сары: Микрофон өшірулі. (4) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы. (5) Сымсыз байланыс шамы (тек таңдаулы үлгілерде) ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lk пернесімен, esc пернесімен немесе b пернесімен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows түймешігі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) 8 Сипаттама Қатты диск шамы Медиа картаны оқу құрылғысы Бап 2 Компьютермен танысу ● Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша өшіріп қояды. Жад карталарындағы жəне Secure Digital (SD) сияқты сандық жад карталарындағы ақпаратты оқиды жəне карталарға жазады.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (5) Веб-камера Бейнені жазады жəне суретке түсіреді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяны босату ысырмалары (2) Батареяны орнынан шығарады. (2) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген. ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Интернет провайдерін пайдалану Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді: ● GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы. ● CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРІМ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, қызмет көрсетуге арналған есіктің астындағы суретті қараңыз. 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 40-бетте қараңыз). ЕСКЕРІМ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді. 9. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 11. Компьютерді қосыңыз.
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Компьютердің сенсорлық экранында пайдаланылатын қимылдарды түртіңіз. Компьютермен бірге жеткізілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Нұсқалықта сенсорлы тақта не пернетақта арқылы жалпы тапсырмалар бойынша ақпарат қамтамасыз етіледі.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлық тақта немесе сенсорлық экран меңзер əрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін, сенсорлы тақта аймағын бір саусағыңызбен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Шымшу/масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● 24 Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз.
ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін. Екі саусақпен басу (тек таңдаулы үлгілерде) 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мəзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді. ● Сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып, таңдалған нысанның опциялар мəзірін ашу үшін басыңыз. Жүргізіп өту (тек таңдаулы үлгілерде) Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді.
Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде) Жиектерді сипау қимылы параметрлерді өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға компьютердегі құралдар тақталарына қатынауға мүмкіндік береді. Оң жақ жиекті сипау Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерге қатынауға мүмкіндік береді. Бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларға қатынау немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● Қол жетімді бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз. Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows түймешігі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: fn+f4 Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді.
(1) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (2) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Құлақаспаптарды қосу Сымды құлақаспаптарды компьютеріңіздің құлақаспаптарға арналған ұясына қосуға болады. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. ● Бейне түсіріп, ортақ пайдалану ● Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу ● Дыбыссыз суретке түсіру Бейне Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
HDMI HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты видео немесе дыбыстық құрылғыларға немесе кез-келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құрылғыларға жалғайды. ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі (бөлек сатылады) керек болады. Компьютердің HDMI портына бір ғана HDMI құрылғысын жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде HDMI құрылғысында да көрсетіледі. Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін: 1.
HDMI үшін дыбыс реттеу HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз: 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пəрменін таңдаңыз. 2.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
(қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер), одан кейін Параметры питания (Қуат параметрлері) опцияларын таңдаңыз. Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады. Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1.
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады. Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану басымдықтарының жиынтығы шамдарға əсер етпейді. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды.
2. Батареяны дыбыс естілгенше жəне орнына нық түскенше батарея ұясына итеріңіз. ЕСКЕРІМ: Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады. Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1.
● Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз. Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі. Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз: ● Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде. ● Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысы үшін карталарды пайдалану Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Сандық картаны салу ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін оны салған кезде, қатты күшпен итермеңіз. 1.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Əмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш, сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал интерфейсі. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады. USB құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін USB құрылғысын шығарып алған кезде оны сымынан тартпаңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз. Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану Алынатын сыртқы дискілер мəліметтерді сақтау жəне оларға кіруге арналған мүмкіндіктер санын ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға болады.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Пернетақтаны алу немесе ауыстыру ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Пернетақтаны алудың алдында жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
7. Пернетақтаның үстіңгі жағын бұрышта көтеріп, оны жоғары қарай тартып, пернетақтаны қолға арналған тіреуіштен ажыратыңыз. ЕСКЕРІМ: Пернетақтаны компьютерден алу мақсатымен ғана жоғары қарай тартып, төңкеріп қолға арналған тіреуішке орналастырыңыз. Пернетақта жүйелік тақтаға таспалы кабель жəне салғанда күш салмайтын қосқыш арқылы жалғанады. 50 8. Салғанда күш салмайтын қосқышты (1) ысырманы көтеру арқылы алыңыз. 9.
Пернетақтаны алмастыру Қатты дискіге жəне басқа бөліктерге қол жеткізгеннен кейін пернетақтаны орнына салыңыз. Пернетақтаны орнына салу үшін 1. Компьютердің оң бүйірін жоғарыға көтеріп, алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, тегіс бетке орналастырыңыз. 2. Компьютерді барынша ашыңыз. 3. Алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, пернетақтаны төңкеріп (1), қолға арналған тіреуішке орналастырыңыз. 4.
8. Орнына түскенше пернетақтаны (3) компьютердің артқы жағына қарай сырғытыңыз. 9. Компьютердің алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 10. Пернетақтаның 2 бұрандасын салып бекітіңіз. 11. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 40-бетте қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығару үшін: 1.
54 6. Қатты дискіні ұстап тұратын тақтаның үстіңгі жиегін жоғары қарай көтеріп (1), одан кейін ұстап тұратын тақтаны (2) бұрышта тартып, компьютерден шығарып алыңыз. 7. Қатты дискіні ажырату үшін, қатты дискінің тілін (1) компьютердің жиегіне қарай тартыңыз. 8. Қатты дискіні (2) бұрышта көтеріңіз де, диск ұясынан (3) шығарып алыңыз.
Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін: 1. Қатты дискідегі (1) ілгектерді компьютердегі кетіктермен туралай отырып, қатты дискті ұясына бұрышта енгізіңіз. 2. Қатты диск ұясына қатты дискіні (2) бұрышта түсіріңіз. 3. Қатты диск орнына түскенше оның тілін (3) компьютердің ортасына қарай тартыңыз. 4. Қатты дискінің жиегіндегі (1) ілгектерді компьютердегі кетіктермен туралай отырып, қатты дискіні ұстап тұратын тақтаны қатты диск ұясына бұрышта енгізіңіз.
56 5. Қатты дискіні ұстап тұратын тақтаны (2) диск ұясына түсіріңіз. 6. Қатты дискіні ұстап тұратын тақтаның 4 бұрандасын салып бекітіңіз. 7. Пернетақтаны орнына салыңыз (Пернетақтаны алу немесе ауыстыру 49-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 40-бетте қараңыз).
9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10. Компьютерді қосыңыз. Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді. ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету қажет емес.
HP 3D DriveGuard пайдалану HP 3D DriveGuard бағдарламасы келесі шарттардың кез келгенінде дискіні қауіпсіз тоқтату жəне ақпарат сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды: ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмысына қайтарады.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады. ● BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды. ЕСКЕРІМ: BIOS əкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі барысында DriveLock Passwords параметрінде орнатылады.
BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз. 4.
Computer Setup DriveLock құпия сөзін басқару ЕСКЕРТУ: DriveLock құралымен қорғалған қатты диск қолданысқа жарамай қалмау үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзін жəне DriveLock басты құпия сөзін компьютерден қашық қауіпсіз жерге жазып қойыңыз. DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытсаңыз, қатты диск құлыпталып, қолданысқа жарамай қалады. DriveLock қорғанысы қатты диск мазмұндарын рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қызметін тек компьютердің ішкі қатты дискісіне (дискілеріне) қолдануға болады.
12. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында DriveLock деп теріп, enter пернесін басыңыз. ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін растағанда, əріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек. 13. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді. DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
4. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз. 5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 7. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз. 3.
10 Күтім Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою Сервистік қақпақты шешу Жад модулі, қатты диск, сымсыз LAN (WLAN) модуль ұясы, WWAN модуль ұясы, SIM карта ұясы мен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз. 1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 40-бетте бөлімін қараңыз). 2. Компьютердің алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 3. Қызмет көрсетуге арналған есіктің 2 бұрандасын (1) бұрап босатыңыз. 4.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу Жад модулі ұясы, сымсыз LAN (WLAN) модуль ұясы, WWAN модуль ұясы, SIM карта ұясы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз. 1. Компьютердің алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 2. Қызмет көрсетуге арналған есікті позицияға (1) орналастырыңыз. 3. Қызмет көрсетуге арналған есіктің жиектерін компьютердің артқы жағындағы дөнес жерімен (2) туралаңыз. 4.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін. Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз. ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып алмаңыз.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 72 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 69-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 40-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10.
ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз: Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар. Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды. Компьютерді сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін. Тазалау іс рəсімдері Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады. SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз. ● Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Кейбір автоматты түрде жөндеу опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 4. Экранда «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары шыққанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану барысында рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. Қалпына келтіру функциясын іске қосу үшін: 1. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзерді жылжытыңыз. 2. Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз. 3.
3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Изменение параметров компьютера (Компьютер параметрлерін өзгерту) белгішесін басыңыз жəне компьютер параметрлерінің экранында Общие (Жалпы) қойыншасын таңдаңыз. 4. Удаление всех данных и переустановка Windows (Барлық деректерді жою жəне Windows жүйесін қайта орнату) параметрін көрсету үшін оң жақтағы параметрлер тізімінің төменгі бөлігіне жылжыңыз. 5.
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне System Diagnostics Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз: Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
MultiBoot желісін пайдалану Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе іске қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз. 5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
MultiBoot Express таңдаулы параметрлерін енгізу Express Boot мəзірі басталу кезінде экранда көрсетіліп тұрғанда, мына əрекеттерді орындауға болады: ● Express Boot мəзірінде жүктеу құрылғысын анықтау үшін, берілген уақыт ауқымын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. ● Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметріне өтпеуі үшін, берілген уақыт аяқталғанша кез келген пернені басыңыз. Компьютер жүктеу құрылғысы таңдалып, enter пернесі басылғанша басталмайды.
System Diagnostics құралын бастау: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін басыңыз. 2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: басыңыз.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар ЕСКЕРІМ: мүмкін. Сервистік жапсырманың көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін компьютерді керек-жарақтарға арналып сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
ə Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Компьютердің экраны бос Егер экран бос, бірақ компьютер əлі өшірілмеген болса, оған мына себеп немесе бірнеше себеп болуы мүмкін: ● Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискіні (3) шығарыңыз. Дискіні шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискіні шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск науасын жауып, дискіні қабына салыңыз. Компьютер қосымша сыртқы оптикалық дискті анықтамайды Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін. 1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз.
● Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз. Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні электрондық бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жөндеу жинағымен қалпына келтіріңіз. ● Дискіні ойнатудан бұрын ұйқылық күйді ажыратыңыз. Дискіні ойнатқан кезде ұйқылық күйді қоспаңыз. Əйтпесе, жалғастыру керектігін сұрайтын ескерту хабары көрсетіледі. Егер осы хабарлама экранға шықса, Нет (Жоқ) түймешігін басыңыз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 65 шығарып алу 66 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 34, 35 айнымалы ток адаптері, тексеру 43 айнымалы ток адаптерін тексеру 43 ақаулықтарды жою дискіні ойнату 98 оптикалық диск салғыш 97 оптикалық дискіні анықтау 98 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 99 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 9 аудио функциялар, тексеру 32 аудио функцияларды тексеру 32 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 9 Ə əкімші құпия сөзі 60 əуежай қауіпсіздік құрылғылары 48 Б бағдарлама
компьютерді сапарға алып шығу 42, 91, 93 компьютерді тазалау 73 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 80 корпоративтік WLAN қосылымы 17 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 29 Күту қосу 37 шығу 37 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 57 Дискіні тазалау 57 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 11 Қ қайта іске қосу компьютер 80 қалпына келтіру 79 қалпына келтіру бөлімі 78 қатты диск HP 3D DriveGuard 58 орнату 55 сыртқы 47 шығарып алу 53 қатты диск жетегін қалпына келтіру 78 қатты диск шамы 8 қатты д
сандық карта салу 44 шығарып алу 44 саусақ ізін оқу құрылғысы 68 саусақ ізін оқу құрылғысы, анықтау 6 Сенсорлы тақта түймешіктер 4 сенсорлы тақта пайдалану 21 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 4 Сенсорлы тақта қимылдары айналдыру 24 жылжу 23 масштабтау 24 шымшу 24 сенсорлы тақтаның айналдыру қимылы 24 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 23 сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 24 сенсорлы тақтаның шымшу қимылы 24 сериялық нөмір 91 сериялық нөмір, компьютер 91 сымсыз антенналар, анықтау 11 сымсыз байланыс түймешігі 13
E esc пернесі, анықтау 7 V VGA порты, қосу F f11 қалпына келтіру 78 Face Recognition (Бет тану) 32 fn пернесі, анықтау 7, 28 W Windows барлығын жою жəне қайта орнату мүмкіндігі 80 қайта орнату 80 Қалпына келтіру 79 параметрлерді қалпына келтіру 80 Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісі 79 Windows қолданбалар пернесі, анықтау 7 Windows түймесі, анықтау 7 WLAN антенналары, анықтау 11 WLAN жапсырмасы 91 WLAN желісіне қосылу 17 WLAN жүйесін орнату 16 WLAN құрылғысы 14, 91 WWAN антенналары, анықтау 11 WWAN қ