User's Guide
аКомпьютерді сапарға алып шығу
Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына
кеңестерді орындаңыз:
●
Компьютерді тасымалдауға дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз.
◦
Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық
карталарды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерге, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін
азайту үшін, оны диск орнынан шығарып алмас бұрын жəне дискімен тасымалдау,
сақтау немесе сапарға шығу алдында медианы диск жетегінен алып тастаңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Компьютерді сөндіріңіз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен ұшқанда, компьютерді қол жүгі ретінде ұстаңыз жəне оны басқа жүктеріңізбен
бірге тіркемеңіз.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
Қол жүгін тексеретін əуежай конвейер таспалары жəне осыған ұқсас қауіпсіздік
құрылғылары магнетизм орнына рентген сəулелерін қолданады жəне ол дискіге зақым
келтірмейді.
●
Јуе сапары кезінде компьютерді қолдануға рұқсат беру əуе компаниясының құқығында.
Егер ұшу кезінде компьютер қолданғыңыз келсе, алдын ала əуе компаниясынан рұқсат
алыңыз.
●
Егер компьютер қолданылмайтын болса жəне сыртқы қуатқа 2аптадан артық қосылмайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
● Компьютерді немесе дискіні тасымалдағанда, сəйкес қорғаныш орамы мен «СЫНҒЫШ»
деген жапсырманы
қолданыңыз.
●
Егер компьютерде, мысалы, 802.11b/g, GSM (ұялы байланыстың ғаламдық жүйесі), немесе
GPRS (деректерді пакеттеп тасымалдау) құрылғысы сияқты сымсыз құрылғы немесе ұялы
телефон орнатылған болса, бұл құрылғылардың кейбір орталарда тыйым
салынатындығын ескеріңіз. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында
жəне қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі бір құрылғыны
қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын
рұқсат сұраңыз.
●
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
◦
Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік
ережелерін тексеріңіз.
◦
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері
бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері
əртүрлі болуы мүмкін.
93