User's Guide

3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискіні (3) шығарыңыз. Дискіні
шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискіні шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз.
4. Диск науасын жауып, дискіні қабына салыңыз.
Компьютер қосымша сыртқы оптикалық дискті анықтамайды
Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің
бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін.
1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз.
2. Бастау экранына п əрпін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін
басыңыз жəне Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) параметрін таңдаңыз.
3. Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) опциясын, одан кейін
Менеджер
устройств (Құрылғылар реттеушісі) параметрін басыңыз.
4. Құрылғылар реттеушісінің терезесінде DVD/CD-дисководы (DVD/CD-ROM жетектері)
параметрінің қасындағы үшбұрышты басыңыз. Егер диск тізімде көрсетілсе, ол дұрыс
жұмыс жасауы тиіс.
Диск ойнатылмайды
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында жұмысыңызды сақтап, барлық
ашық болған бағдарламаларды жабыңыз.
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында Интернеттен шығыңыз.
Дискіні дұрыс салғандығыңызға көз жеткізіңіз.
Дискінің таза екеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, дискіні сүлгіленген сумен жəне түксіз
матамен тазалаңыз. Дискіні ортасынан сыртқы жиекке қарай сүртіңіз.
98 Қосымша ə Ақаулықтарды
жою