User's Guide

4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның
қимылдары жəне меңзегіш
құрылғылар арқылы шарлау
Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Компьютердің сенсорлық
экранында пайдаланылатын қимылдарды түртіңіз.
Компьютермен бірге жеткізілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Нұсқалықта
сенсорлы тақта не пернетақта арқылы жалпы тапсырмалар бойынша ақпарат қамтамасыз
етіледі.
Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы
əрекет
пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы
пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
Бастау экранында мышь (тінтуір) деп теріп, Параметры (Параметрлер) жəне Мышь
(Тінтуір) пəрмендерін таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 21