User's Guide
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы
бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 Микрофон кірісінің дыбысын өшіреді немесе қалпына келтіреді.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде орнатылған сандар пернетақтасы бар. Бұған қоса, компьютер қосымша сыртқы
сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны
қолдайды.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютер пернетақтасының көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу
болуы мүмкін.
Пернетақтаны пайдалану 29