User's Guide

5 Мультимедиа
Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін:
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген веб камера
Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Аудио
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына (немесе
дыбыс шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары динамиктерді қосу үшін,
HDMI үшін дыбыс
реттеу 35-бетте бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын
арнайы пернелер)
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы
қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулығына қол жеткізу үшін Бастау экранында HP Support
Assistant бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User
guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Аудио 31