User's Guide

Құлақаспаптарды қосу
Сымды құлақаспаптарды компьютеріңіздің құлақаспаптарға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы
нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз.
Программные события (Бағдарламалық оқиғалар) параметрі астынан
дыбыс сигналы
немесе ескерту дыбысы сияқты кез келген дыбыс оқиғасын таңдаңыз, одан кейін
Проверить (Тексеру) түймешігін басыңыз. Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған
құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында з əрпін жазыңыз, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін
таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып
, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды
Windows жұмыс үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
1. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
Веб-камера
Компьютерлерде орнатылған веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық
құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз.
Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады.
32 Бап 5 Мультимедиа