User's Guide
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
● Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
●
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
●
Дыбыссыз суретке түсіру
Бейне
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Ал кейбір
компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды
қосуға мүмкіндік
беретін HDMI порты болады.
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
●
VGA
●
HDMI (Ажыратымдылығы жоғары мультимедиалық интерфейс)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі бейне порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте
бөлімінен қараңыз.
VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы
секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі.
▲
VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына
қосыңыз.
Бейне 33