User's Guide
HDMI
HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты видео немесе дыбыстық
құрылғыларға немесе кез-келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құрылғыларға жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI
кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
Компьютердің HDMI портына бір ғана HDMI құрылғысын жалғауға болады. Компьютер
экранындағы ақпарат бір мезгілде HDMI құрылғысында да көрсетіледі.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын видео ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін,fn+f4
пернесін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру
.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРІМ: Əсіресе, «Кеңейту» параметрін таңдасаңыз, сыртқы құрылғының экран
ажыратымдылығын реттеңіз. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
Оформление и персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Үздік
нəтижелер алу үшін Дисплей ашынан Настройка разрешения экрана (Экран
ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
34 Бап 5 Мультимедиа