User's Guide

HDMI үшін дыбыс реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты
аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі
аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен
түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пəрменін таңдаңыз.
2. Ойнату аймағынан
Сандық шығыс немесе Сандық шығыс құралы (HDMI) тармағын
таңдаңыз.
3. Əдепкі күйді орнату пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен
түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пəрменін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату
) қойыншасында Speakers (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Əдепкі күйді орнату пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Intel сымсыз дисплейі (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® сымсыз дисплейі компьютердегі мазмұнды теледидарда сымсыз бөлісу мүмкіндігін
береді. Сымсыз дисплейді пайдалану үшін, сымсыз ТД адаптері (бөлек сатылады) қажет.
Сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі бар DVD дискісі Intel сымсыз дисплейінде ойнатылмауы
мүмкін. (Бірақ сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі жоқ DVD дискісі ойнатылатын болады.) Сигнал
шығысын қорғау мүмкіндігі бар Blu-ray дискілері Intel сымсыз дисплейінде ойнатылмайды.
Сымсыз теледидар адаптерін пайдалану туралы
толық ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан
қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз дисплейді пайдаланбас бұрын сымсыз байланыстың компьютерде
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Бейне 35