User's Guide

ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі
Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
Ақпаратты ықшам дискіге, DVD немесе BD (тек таңдаулы үлгілерде) дискілеріне жазғанда.
Дискіні дефрагментациялау құралын
іске қосқанда.
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
Батарея зарядтала бастайды.
Компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіш белгішесінің түрі
өзгереді.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
Компьютер батарея қуатына көшеді.
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы
автоматты түрде
азаяды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
Компьютер қосылмайды.
Дисплей қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
ЕСКЕРІМ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге
қатысты қолданылады.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат
алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 43