User's Guide
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Əмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш,
сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал
интерфейсі.
Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. Бағдарламалық құралмен қамтамасыз етілген
бұл нұсқаулар дискіде немесе өндірушінің
веб-торабында болуы мүмкін.
Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен жұмыс істейтін кем дегенде 1 USB
порты бар. Сонымен қатар, сыртқы құрылғыға қуат беретін USB зарядтау порты
компьютеріңізде болуы мүмкін. Қосымша USB қондыру құрылғысы немесе USB концентраторы
компьютермен пайдалануға болатын қосымша USB порттарымен қамтамасыз етеді.
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз.
USB құрылғысын пайдалану 45