User's Guide

Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Пернетақтаны алу немесе ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Пернетақтаны алудың алдында жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Пернетақтаны шешу
Қатты дискіге жəне басқа бөліктерге қол жеткізу үшін пернетақтаны алыңыз.
1. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 40-бетте бөлімін
қараңыз).
2. Компьютердің алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп
қойыңыз.
3. Пернетақтаның 2 бұрандасын бұрып босатыңыз.
4. Компьютердің оң бүйірін жоғарыға көтеріп, алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, тегіс бетке
орналастырыңыз.
5. Компьютерді барынша ашыңыз.
6. Пернетақтаны өзіңізге қаратып, пернетақтаны басқанда оны қолға арналған тіреуішке
қарай сырғытып, ұстап тұратын қыстырғыштардан босатыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 49