User's Guide
Пернетақтаны алмастыру
Қатты дискіге жəне басқа бөліктерге қол жеткізгеннен кейін пернетақтаны орнына салыңыз.
Пернетақтаны орнына салу үшін
1. Компьютердің оң бүйірін жоғарыға көтеріп, алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, тегіс бетке
орналастырыңыз.
2. Компьютерді барынша ашыңыз.
3. Алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, пернетақтаны төңкеріп (1), қолға арналған тіреуішке
орналастырыңыз.
4. Таспалы кабельді (2) салғанда күш салмайтын қосқышқа енгізіңіз жəне
пернетақта мен
таспалы кабельді жүйелік тақтаға бекіту үшін салғанда күш салмайтын қосқыштың
ысырмасын (3) жабыңыз.
5. Пернетақтаны төңкеріп қолға арналған тіреуішке орналастырыңыз.
6. Пернетақтаның үстіңгі жағын бұрышта көтеріп, пернетақтаның төменгі жағындағы туралау
ілгектерін (1) компьютердегі кетіктерге туралаңыз.
7. Пернетақтаны жай түскенше төмен қарай (2) бұрыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 51