User's Guide

HP 3D DriveGuard пайдалану
HP 3D DriveGuard бағдарламасы келесі шарттардың кез келгенінде дискіні қауіпсіз тоқтату жəне
ақпарат сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды:
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмысына қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Қатты күйдегі дискілердің (SSD) қозғалмалы бөлшектері болмағандықтан, HP 3D
DriveGuard құралын қолданудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРІМ: Негізгі немесе қосымша қатты диск ұясындағы қатты дискілерді HP 3D DriveGuard
құралы қорғайды. Қосымша қондыру құрылғыларына орнатылған немесе USB порттарына
жалғанған қатты дискілерді HP 3D DriveGuard құралы қорғамайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Қуатты қауіпсіз орнатылған қатты диск көмегімен басқару
HP 3D DriveGuard құралы дискіні қауіпсіз тоқтатса, компьютер былай əрекет етеді:
Компьютер өшпейді.
Компьютер ұйқы режимін қоспайды.
Қуат параметрлері ішіндегі Сигналдар қойындысында орнатылған батарея сигналдарын
компьютер қоспайды.
Компьютерді жылжытпас бұрын, HP компаниясы оны алдымен өшіруді немесе ұйқылық күйге
ауыстыруға кеңес береді.
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын пайдалану
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралы келесі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді:
HP 3D DriveGuard құралын қосу жəне ажырату.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы құқықтарына байланысты, HP 3D DriveGuard құралын қосу
немесе ажырату мүмкіндігіңіз болмауы ықтимал. Əкімші емес пайдаланушылардың
құқықтарын əкімшілік тобының мүшелері өзгерте алады.
Жүйедегі дискінің қолдауы бар-жоқтығын анықтау.
Бағдарламалық құралды ашып параметрлерін өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Windows жұмыс үстеліндегі хабарландыру аймағының оң жағында орналасқан белгішені
екі рет басыңыз.
немесе
Хабарландыру аймағындағы белгішені тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Параметры
(Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
2. Параметрлерді өзгерту үшін сəйкес түймешікті басыңыз.
3. OK түймешігін басыңыз.
58 Бап 8 Дискілер