User's Guide

Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу
Жад модулі ұясы, сымсыз LAN (WLAN) модуль ұясы, WWAN модуль ұясы, SIM карта ұясы мен
басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз.
1. Компьютердің алдыңғы жағын өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп
қойыңыз.
2. Қызмет көрсетуге арналған есікті позицияға (1) орналастырыңыз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есіктің жиектерін компьютердің артқы жағындағы дөнес
жерімен (2) туралаңыз.
4.
Қызмет көрсетуге арналған есіктің артқы шетіндегі туралау ілгектерін компьютердегі
кетіктерге (3) дəл түсіріңіз.
5. Қызмет көрсетуге арналған есік (4) нық отырғанша оны батарея ұясына қарай сырғытыңыз.
6. Қызмет көрсетуге арналған есіктің 2 бұрандасын (5) бұрап қатайтыңыз.
7. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 40-бетте қараңыз).
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
70 Бап 10 Күтім