User's Guide

MultiBoot Express таңдаулы параметрлерін енгізу
Express Boot мəзірі басталу кезінде экранда көрсетіліп тұрғанда, мына əрекеттерді орындауға
болады:
Express Boot мəзірінде жүктеу құрылғысын анықтау үшін, берілген уақыт ауқымын
таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметріне өтпеуі үшін, берілген уақыт аяқталғанша
кез келген пернені басыңыз. Компьютер жүктеу құрылғысы таңдалып, enter пернесі
басылғанша басталмайды.
Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметрлеріне сəйкес басталуы үшін,
берілген уақыт
аяқталғанша күте тұрыңыз.
System Diagnostics пайдалану
System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін
тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. System Diagnostics
(Жүйе диагностикасы) құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді:
System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы
компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді. System Tune-
Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) құралдарының тексеру уақыты ұзағырақ, жад модульдері,
қатты дискінің SMART сипаттары, қатты
дискінің беті, батарея (жəне батареяның дəлдігін
реттеу), бейне жады мен WLAN модулі күйінің толық сынақтары орындалады.
Іске қосылу сынағыбұл сынақ компьютерді бастауға талап етілетін оның негізгі
бөліктерін талдайды.
Байқау сынағыбұл сынақ іске қосылу сынағын қайта орындайды жəне іске қосылу
сынағы барысында анықталмаған оқтын-оқтын мəселелер бар-жоғын тексереді.
Қатты диск
сынағыбұл сынақ қатты дискінің физикалық жағдайын, одан кейін қатты
дискінің əр бөліміндегі деректердің барлығын тексереді. Егер тексеру барысында бөлімнің
зақымданғаны анықталса, деректер дұрыс бөлімге жылжытылады.
Жад сынағыбұл сынақ жад модульдерінің физикалық жағдайларын анықтайды. Егер
ақаулық анықталатын болса, жад модульдерін бірден ауыстырыңыз.
Батарея сынағыбұл сынақ батареяның жағдайын анықтап, қажет
болса, оның дəлдігін
реттейді. Батарея сынақтан өтпесе, НР тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне мəселені
хабарлап, басқа батареяны сатып алыңыз.
BIOS Management (BIOS басқару) құралы арқылы жүйенің BIOS нұсқасын жаңартуға
немесе қайтаруға болады. Бұл үрдіс барысында компьютердің жұмысын аяқтамаңыз
немесе сыртқы қуат көзінен ажыратпаңыз. BIOS өзгерілмес бұрын растау терезесі
ашылады. BIOS update (BIOS жаңарту), BIOS Rollback (BIOS нұсқасын қайтару) немесе
Back to main menu (Басты мəзірге
қайту) параметрін таңдаңыз.
System Diagnostics терезесінде жүйе ақпараты мен қателер журналдарын қарап шығуға немесе
тілдерді таңдауға болады.
88 Бап 12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне System Diagnostics