Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны Hewlett-Packard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялары тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. DTS патенттері туралы ақпаратты алу үшін http://patents.dts.com сілтемесін таңдаңыз. DTS Licensing Limited компаниясының лицензиясы бойынша шығарылған.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы үлгілерде, Intel ® Pentium ® N35xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/ N29xx сериялы процессор және Windows ® амалдық жүйесі бар. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды. Түпнұсқалық параметрлерді қалпына келтіру үшін, зауыттық қалпына келтіруді жүзеге асыру қажет.
vi Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде)
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 1 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 3 Оң жағы ..............
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ..................... 24 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану .............................................................................................................. 24 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ............................................................................. 24 Сенсорлы тақтаны және қимылдарды пайдалану ......................................................................
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау ........................................................... 38 Батарея қуатын пайдалану ............................................................................................................ 38 Батарея туралы қосымша ақпарат табу ..................................................................... 39 Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану ........................................................ 39 Қалған батарея зарядын көрсету ............................
Қатты дискінің жұмысын жақсарту ............................................................................................... 54 Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану ..................................................... 54 Дискіні тазалау құралын пайдалану ........................................................................... 54 HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ................................. 55 HP 3D DriveGuard күйін анықтау .................................
Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру ......................................................................................... 73 Қалпына келтіру медиасын және сақтық көшірмелерді жасау ................................................................... 73 Нұсқаулар ......................................................................................................................................... 74 HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасау ..............................
15 Қолжетімділік ......................................................................................................................................... 89 Қолдау көрсетілетін сыналды технологиялары ............................................................................................ 89 Қолдау қызметіне хабарласу ........................................................................................................................... 89 қосымшасы а Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау .
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (15-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Құралдар Берілетін ақпарат Қажет тілде қолдауды алу үшін, http://www.hp.com/ support сілтемесін басып, еліңізді таңдаңыз. ● HP қызмет көрсету орталығының мекенжайлары HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат Соңғы ашылған пайдаланушы нұсқаулығын ашу үшін, http://www.hp.com/support мекенжайы бойынша сілтемені ашып, еліңізді таңдаңыз. Драйверы и загрузки (Драйверлер мен жүктеулер) тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2 Компьютермен танысу Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама USB 3.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы USB 3.0 портына жалғанады. ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (46-бет) бөлімінен қараңыз.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде: ● Ақ: Батарея заряды 90% асады. ● Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея зарядталмай тұрғанда): (3) Желдеткіш ● Сары түсте жыпылықтап тұрғанда: Батарея заряды аз деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > > Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) > Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда.
Үстіңгі жағы Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады және сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар, сенсорлы тақтада саусақты жиектен жылжыту қимылдарына қолдау көрсетіледі. (3) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдегі сол жақ түймешік қызметін атқарады.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. (6) (7) Дыбысты өшіру шамы Сенсорлы тақта шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Ақ: компьютер дыбысы қосулы. ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы.
Түймешіктер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік Сипаттама (3) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді және қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows түймешігі Windows Пуск (Бастау) мәзірін көрсетеді. (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяны босату ысырмалары (2) Батареяны босатады. (2) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (3) Желдеткіштер (3) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз. Егер молульді орнатып, одан кейін ескерту хабарын алсаңыз, компьютер мүмкіндігін қалпына келтіру үшін модульді жойып, қолдау қызметіне хабарласыңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
HP Connection Manager құралының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру үшін ▲ Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
▲ Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі және ортақ пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз. Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату және Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) және Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. 2.
орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі мүмкін. Компьютердің мобильді кең ауқымды мүмкіндігін пайдаланудан бұрын келесі қадамдарды аяқтау қажет: 1. Мобильді кең ауқымды деректер қызметін белсендіріңіз. Бұл әрекетті орындау үшін қызмет көрсету провайдеріңіздегі үйлесімді белсендірілген SIM картаны пайдаланыңыз. 2.
8. SIM картасын (1) SIM картасын құлыптайтын топсалы қосқышқа салып, ол өз орнына тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. SIM картасын қосқышта тіркеу үшін топсаны (2) төмен қарай бұрыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, қызмет көрсетуге арналған ұяның ішіндегі суретті қараңыз. 9. Қызмет көрсету есігін орнына салыңыз. 10. Батареяны орнына салыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет пернелері немесе төте пернелер болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада Түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы суреттерді немесе мәтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жан-жаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мәзір пәрмендерін таңдауға мүмкіндік береді.
● Таңдалған нысан үшін мәзір пәрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып басыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пернетақта әрекеттер пернелері мен жылдам пернелердің арнайы функцияларын орындауға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелер тіркесімі Сипаттама Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін. fn+f5 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді. fn+f6 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. fn+ f8 Үндеткіш дыбысын төмендетеді. fn+f9 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады. fn+f10 Микрофонды үнсіздендіреді.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. Енгізілген сандық пернетақтаны қосу және өшіру Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық пернетақтаны өшіру үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Енгізілген сандық пернетақта сыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанған кезде өшірулі.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Құлақаспаптарды және микрофондарды қосу Сымды құлақаспаптарды және гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Бейне Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмайақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Ал кейбір компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижелер үшін «Кеңейтілген» мүмкіндігі пайдаланылған кезде, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеу мақсатымен келесі әрекеттерді орындаңыз: Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей санатынан Регулировать разрешение экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) пәрменін таңдаңыз.
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, әдепкі аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз: 1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз. Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек таңдаулы үлгілерде) Таңдаулы үлгілерде әдепкі параметрлер бойынша RST (Intel Rapid Start Technology - Жылдам іске қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылған. RST мүмкіндігі әрекетсіз тұрған компьютерді бірден іске қосуға мүмкіндік береді.
▲ Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Гибернация (Күту) пәрменін таңдаңыз. Күту күйінен шығу үшін ▲ Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі. ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Компьютер айнымалы ток қуатына қосылған болса да, батареяны компьютерде сақтау батареяны зарядтайды және де қуат берілмей қалған жағдайда жұмысты қорғайды. Компьютерде зарядталған батарея болса және сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, компьютер батарея қуатын автоматты түрде қосады.
● Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение питания (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. Төмен батарея деңгейлерін басқару Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады.
2. Батареяны батарея ұясына нық орналасқанша салыңыз. Батареяны босату ысырмалары батареяны оның орнына автоматты түрде құлыптайды. Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
3. Батареяны компьютерден (2) шығарып алыңыз. Батарея қуатын үнемдеу ● Windows жүйесінің Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) параметрі арқылы төмен қуат деңгейін пайдалану параметрлерін таңдаңыз. ● Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері бөлімінен қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > > Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) > Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «әлсіз» жағдайға жеткенде, батареяны тексеру құралы батареяны ауыстыру қажеттігін ескертеді.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Жад карталарын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (3-бет) бөлімін қараңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Әмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш, сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал интерфейсі. Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің әлсіз бөліктері және оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Дискіні құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық тигізуге немесе шектік мәндердегі температураларға не ылғалдық жағдайларына төндіруге болмайды. Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз. ● Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз.
компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады рәтінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл бір уақытта SSD жақсартылған жүйе жұмысының тәжірибесін қамтамасыз ете отырып, ең үлкен сақтау сыйымдылығы үшін қатты диск жетегін (немесе RAID көлемі) иемдену артықшылығын береді. Қатты дискіні қоссаңыз не жаңартсаңыз және RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT мүмкіндігін уақытша ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін қосыңыз. SRT мүмкіндігін уақытша ажырату үшін: 1.
3. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті компьютердің алдыңғы жағына (3) қарай сырғытып, (4) жоғарыға көтеріңіз де қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз. 1. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы шетіне жақын туралау үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті төмен еңкейтіңіз (1). 2.
4. Бұранда қақпағын (4) орнатыңыз. 5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (40-бет) қараңыз). Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз.
7. Қатты дискіні көтеріп (3), оны диск жетегінен шығарып алыңыз. Қатты дискіні орнату ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. Қатты дискіні орнату үшін: 1. Қатты диск жетегін ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс ұстап орнатыңыз (1). 2. Қатты диск жетегін жалғағышқа жалғау үшін, пластмассалық тілді компьютердің ортасына қарай тартыңыз (2). 3. Қатты дискінің бұрандаларын (3) бекітіңіз. 4.
6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 7. Компьютерді қосыңыз. Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады. Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан, қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын баяулатады.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмысына қайтарады.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Егер BIOS әкімшісінің құпия сөзін жоюды болдырмау үшін мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жою мүмкін емес. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де қолданылады.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз. 4.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін және экранға шығарылған пернетақтада тағы бір орындалған әрекеттен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. BIOS Administrator (BIOS әкімшісі) параметрін таңдаңыз және BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізіңіз. 4.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзді енгізу әрекеті 2 рет қатар сәтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. BIOS Administrator (BIOS әкімшісі) параметрін таңдаңыз және BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізіңіз. 4.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары) > Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. BIOS әкімшісінің құпия сөзіне кіріп, enter пернесін басыңыз. 5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИӘ) жауабын таңдаңыз. 7.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнес иелеріне компанияның құнды қағаздарын тиімді басқару және қауіпсіз жерде сақтау мүмкіндігін ұсынатын, бұлтқа негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Touchpoint Manager вирус және басқа шабуыл түрлерінен қорғауға көмектеседі, құрылғыны қорғайды және соңғы пайдаланушының техникалық және қауіпсіздік мәселелерін шешуге жұмсайтын уақытын үнемдейді.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы Саусақ ізін оқу құрылғысы – қол тірегінің оң жағында орналасқан кішкентай темір сенсор. Компьютердің үлгісіне байланысты оқу құрылғысы көлденең немесе ұзыннан бағытталуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орны туралы ақпаратты Компьютермен танысу (3-бет) бөлімінен қараңыз.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге жақын арада орнатылғанын тексеріңіз және қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз. BIOS жүйесін жаңарту (80-бет) бөлімін қараңыз.
ә. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
б. Жад модулінің сол және оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу (51-бет) бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (40-бет) қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10. Компьютерді қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз. Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде, кір және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
мүмкін. Технологиялар әрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз. HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/ support торабына өтіңіз.
11 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға және қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР және Windows құралдары компьютерде бар. Компьютерге оптикалық жинақтағыш диск алдын ала орнатылып келмейді. Ақпаратты қорғау үшін, қосымша сыртқы оптикалық жинақтағыш дискті пайдаланыңыз. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай келтіруге көмектеседі.
Нұсқаулар ● Қалпына келтіру медиасын жасау немесе сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз: DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер қолданыстағы оптикалық диск түріне байланысты болады. ● Қалпына келтіру медиасын жасамас немесе сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) жасау қажет. Алғашқы және кейінгі сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық көшірмесін жасауыңызға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу әрі бұрын жасалған жүйені жөндеу медиасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасын сатып алып компьютерді қайта жүктеу және амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы (77-бет) бөлімін қараңыз.
4. Восстановление запуска (Басталғанда қалпына келтіру) пәрменін таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Пуск (Пуск) > Справка и Поддержка (Анықтама және қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз. f11 қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз. 3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. 6. Восстановить компьютер (Компьютерді жөндеу) құсбелгісін қойыңыз. 7.
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді сақтамай шығу) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. ● Енгізілген өзгертулерді сақтау және Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек. BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn +esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады. 1. Computer Setup қызметін қосыңыз. 2.
1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні нұқыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып табылады. 3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлдары бар қатты дискідегі қалтаны ашыңыз. 4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, filename.exe) екі рет басыңыз. BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3. Legacy Boot Order (Жалпы жүктеу реті) тізімін таңдау үшін, меңзегіш құрылғыны немесе көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
(Sec) (MultiBoot Express қалқыма хабарын кідірту (сек)) өрісіне енгізіңіз. («0» мәні таңдалған жағдайда, Express Boot басталуының орналасу мәзірі көрсетілмейді.) 5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және шығу) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. USB құрылғысына HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын жүктеп алудың екі опциясы бар. UEFI ең соңғы нұсқасын жүктеп алу: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама және қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: Қолдауды алу үшін, http://www.hp.com/support сілтемесін басып, еліңізді таңдаңыз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу. ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір тілде қолдауға байланысты сөйлесу мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға болады. 86 ● Қолдау қызметінің телефон нөмірлерін табу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея орнында немесе қызмет көрсету үшін ашылатын есіктің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
15 Қолжетімділік HP компаниясы әркім, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар тарапынан, не жеке не сәйкес көмекші құрылғылар арқылы пайдаланыла алатын өнімдерді құрады, өндіреді және сатады. Қолдау көрсетілетін сыналды технологиялары HP өнімдері амалдық жүйенің сыналды технологияларының алуан түрлеріне қолдау көрсетеді және HP өнімдерін қосымша сыналды технологияларымен бірге жұмыс істеу үшін конфигурациялауға болады.
а Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден жад карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
ә Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) орталығынан табыңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор (Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пәрменін таңдаңыз. ● Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп теңшелмеген болуы мүмкін. Кескінді компьютердің экранына жіберу үшін fn+f4 пернелерін басыңыз.
● Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. ● Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғының, әсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз. ● Дұрыс және жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ түймешікпен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. ә. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 63 шығарып алу 64 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 34 айнымалы ток адаптері, тексеру 44 айнымалы ток адаптерін тексеру 44 ақаулықтарды жою дискіге жазу 94 дискіні ойнату 93 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 94 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 4 аудио функциялар, тексеру 32 аудио функцияларды тексеру 32 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 4 батарея қақпағы, анықтау 13 батарея қуаты 39 батареяны сақтау 42 Батареяны тексеру 39 батареяны шығару ысырмас
корпоративтік WLAN қосылымы 19 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 28 Күту қосу 37 шығу 37 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 54 Дискіні тазалау 54 Қ қалпына келтіру, жүйе 75 қалпына келтіру бөлімі 77 қалпына келтіру құралдары 73 қалпына келтіру құралдары, Windows 76 қалпына келтіру медиасы, бастапқы қалпына келтіру үшін пайдалану 77 қалпына келтіру медиасы, жасау 74 қатты диск HP 3D DriveGuard 55 орнату 53 сыртқы 48 шығарып алу 52 қатты диск, анықтау 13 қатты диск жетегін қалпына келтіру 77 қатты ди
Р реттеу утилитасы зауыт параметрлерін қалпына келтіру 80 шарлау және таңдау 79 С сақтық көшірме жасау құралдары 73 сақтық көшірмелер жасау 74 қалпына келтіру 76 Сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру 75 саусақ ізін оқу құрылғысы 66 саусақ ізін тану құрылғысы, анықтау 11 Сенсорлы тақта түймешіктер 7 сенсорлы тақта пайдалану 24 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 7 Сенсорлы тақта қимылдары 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау 26 2 саусақпен басу 26 айналдыру 27 жылжу 25 пайдалану 24 Сенсорлы тақтаның 2 саусақ
D DriveLock құпия сөзі енгізу 62 орнату 61 өзгерту 62 сипаттама 60 шығарып алу 63 E esc пернесі, анықтау 12 F f11 қалпына келтіру 77 fn пернесі, анықтау 12, 28 G GPS 21 H HDMI, дыбысты реттеу 35 HDMI порты, анықтау 3 HDMI порты, жалғау 34 HP 3D DriveGuard 55 HP Client Security Manager 65 HP Mobile Connect қызметі 21 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) жүктеу 85 HP Recovery Disc Creator, пайдалану 74 M Microsoft түпнұсқалық туралы куәлігінің жапсырмасы 87 N num lk пернесі, анықтау 29 num lock, сыртқы пернетақт