User Guide - Windows 8
1 Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
●
Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері
нұсқаулығын оқыңыз.
КЕҢЕС: Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің
бастау экранына жылдам оралу үшін пернетақтадағы Windows логотипті пернені
басыңыз. Windows логотипті пернені қайта бассаңыз, бастапқы экранға ораласыз.
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты
Желіге қосылу 19-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 77-бетте бөлімінен
қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Меңзегіш құрылғылар жəне
пернетақта 28-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Бастау экранына п əрпін жазып, Приложения (Бағдарламалар) тармағын басыңыз, одан
кейін бағдарламалар тізімінен таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық
құралды пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық құралдың өндірушісі берген
нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе
өндірушінің веб-
торабында болуы мүмкін.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру 86-бетте бөлімін қараңыз
Қызықты əрекеттер
● Кескіндерді жəне мəтіні бар беттерді оңай басқару үшін сымсыз сенсорлы тақтаны жəне
жаңа Windows 8 түрту қимылдарын пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын
пайдалану 29-бетте бөлімін қараңыз.
Қызықты əрекеттер 1










