User Guide - Windows 8
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында
ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз:
а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ
түймешікпен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін
таңдаңыз.
ə
. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
ЕСКЕРІМ: Дисплейдің екеуін қолданғанда, DVD дискісіндегі фильм қосалқы дисплей
ретінде тағайындалған дисплейден көрінбейді.
Дискіні көшіру үрдісі басталған жоқ немесе аяқталмас бұрын
тоқтатылды
●
Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз.
●
Ұйқылық күйді өшіріңіз.
●
Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
●
Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз.
●
Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
●
Дискіні көшіріп жатқан кезде, мазмұнды жаңа дискіге көшірмес бұрын бастапқы дискідегі
ақпаратты қатты дискіге сақтап, одан кейін қатты дискіден
көшіріңіз.
Мəселелерді шешу 107










