User Guide - Windows 8

7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРІМ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея
орнындағы суретті қараңыз.
8. Батареяны орнына салыңыз.Қосымша ақпаратты Батареяны салу жəне шығарып
алу 44-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
9. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
11. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз
етеді.
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
Тінтуір
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының
параметрлерін реттеу жəне
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан
қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу 25