User Guide - Windows 8
4 Меңзегіш құрылғылар жəне
пернетақта
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы
пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
●
Бастау экранында м əрпін теріңіз. Іздеу жолына мышь (тінтуір) деп жазып, Параметры
(Параметрлер), одан кейін Мышь (Тінтуір) пəрменін таңдаңыз.
Меңзегіш таяқшаны қолдану
Меңзегіш таяқшаны меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
28 Бап 4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта










