User Guide - Windows 8
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей
функциларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы
функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows логотипті перне ашық болған бағдарламадан немесе
жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows логотипті пернені
қайта бассаңыз, бастапқы экранға ораласыз.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелер тіркесімдерін анықтау
Пернелер тіркесімі дегеніміз fn пернесінің (2) жəне esc пернесі (1) немесе функционалдық
пернелердің біреуінің (4) тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану үшін
▲
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
32 Бап 4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта










