User Guide - Windows 8
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан
қараңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы
нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
●
Дыбыс деңгейі түймешіктері
●
Дыбыс деңгейінің пернелері тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы
пернелер)
●
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз. Нұсқаулықты ашу
үшін бастау экранында HP деп теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) тармағын
таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Руководства пользователя
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына п əрпін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару
тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
пəрмендерін таңдаңыз.
Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз.
Программные события (Бағдарламалар оқиғалары) параметрінен дыбыс сигналы
немесе ескерту
дыбысы сияқты кез-келген дыбыс оқиғасын таңдаңыз, одан кейін
Проверка (Сынау) түймешігін басыңыз.
36 Бап 5 Мультимедиа










