User Guide - Windows 8
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына з əрпін жазыңыз, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін
таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
1. Бастау экранына п
əрпін жазып, бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару
тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
пəрмендерін таңдаңыз.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық
құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз.
Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
●
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
●
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек
алу
●
Дыбыссыз суретке түсіру
Əкімші Мастер настройки администратора безопасности (Қауіпсіздік реттеушісін орнату
шеберінде) немесе HP ProtectTools əкімшілік консолінде Face Recognition (Бет тану) құралы
үшін қауіпсіздік деңгейін орната алады. Нұсқаулықты ашу үшін бастау экранында HP деп теріп,
HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) параметрін таңдап, компьютер пəрменін, одан
кейін Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрменін таңдаңыз. Веб-
камераны қолдану туралы
толық ақпарат алу үшін, бағдарламаның анықтамасын қараңыз.
Бейне
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
●
VGA
●
HDMI (Ажыратымдылығы жоғары мультимедиалық интерфейс)
●
DisplayPort
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі бейне порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте
атты бөлімнен қараңыз.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)37










