User Guide - Windows 8
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Ұйқылық күй зауытта іске қосылады.
Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа
сақталады.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды
немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға
болады:
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Меңзерді Бастау экранынан экранның үстіңгі оң жағына не төменгі оң жағына апарыңыз.
Шебер түймелердің тізімі ашылғаннан кейін, Параметры (Параметрлер) тармағын таңдап,
Питание (Қуат) белгішесін басыңыз жəне Спящий (Ұйқылық) пəрменін таңдаңыз.
Ұйқылық күйден шығу
үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу немесе күйден шығу
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз.
1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне
Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін
таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный
момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация
(Күту) күйін таңдаңыз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
40 Бап 6 Қуатты басқару










