User Guide - Windows 8

ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату
үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне
Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау)
тармағын таңдаңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі
уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи
пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия
сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Қуат көрсеткішін қолдану
Қуат көрсеткіші хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын
көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін,
меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткіші белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы
қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін пайдалану немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткіші
белгішесін басып, тізімнен
бір тармақты таңдаңыз. Бастау экранына, сондай-ақ, питание
(қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат
параметрлері) опцияларын таңдаңыз.
Қуат параметрлерін орнату 41