User Guide - Windows 8

Сандық картаны шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
құралды шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
ExpressCard картасыөнімділігі жоғары компьютер картасы. ExpressCard ұясына салынады.
ExpressCard карталары PCMCIA стандарт талаптарына сəйкес жасалады.
ExpressCard картасын конфигурациялау
Тек картаға қажетті бағдарламалық құралды орнатыңыз. Егер ExpressCard картасының
өндірушісі құрылғы драйверлерін орнатуды сұраса, мынаны жасаңыз:
Амалдық жүйеге тек құрылғы драйверлерін орнатыңыз.
Картаға қызмет көрсету, ұяға қызмет көрсету немесе ExpressCard өндірушісі беретін іске
қосқыштар секілді қосымша бағдарламалық құралдарды орнатпаңыз.
50 Бап 7 Сыртқы карталар мен құрылғылар