User Guide - Windows 8
ExpressCard картасын салу
ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы медиа карталардың зақымдануын болдырмау үшін,
ExpressCard ұясына компьютер картасын салмаңыз.
ЕСКЕРТУ: Қосқыштардың зақымдану қупін азайту үшін:
ExpressCard картасын өте жай салыңыз.
ExpressCard картасын пайдаланып жатқан кезде компьютерді жылжытпаңыз немесе
тасымалдамаңыз.
ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен құрылғыңыздың көрінісі сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
ExpressCard ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қосымшаны шығарып алу үшін:
1. Қосышаны ашу үшін, оған (1) басыңыз.
2. Қосымшаны ұядан суырып алыңыз (2).
ExpressCard картасын салу үшін:
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал қосқышын компьютерге қаратыңыз.
2. ExpressCard карта ұясына картаны салып, оны нық орналасқанша басыңыз.
Карта анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: ExpressCard картасын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында
компьютер картаны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)51










