User Guide - Windows 8
Қызметтік қақпақты орнына салу үшін, бұл əрекеттерді кері ретімен орындаңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 44-бетте бөлімін
қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызметтік қақпақты алу немесе орнына
салу 60-бетте бөлімін қараңыз).
6. Төрт қатты диск бұрандасын (1) алыңыз.
7. Ілмекті ұстап, дискіні сол жаққа тартып, коннектордан шығарыңыз да (2), дискіні жоғары
көтеріңіз (3).
Қатты дискіні орнату үшін осы процедураны керісінше орындаңыз:
Қатты дискілерді пайдалану 61










