User Guide - Windows 8
DriveLock қорғанысын ішкі қатты дискіге қолдану үшін, пайдаланушы жəне басты құпия сөздері
Computer Setup қызметінде орнатылу керек. DriveLock қорғанысын қолдану туралы келесі
түсініктерге назар аударыңыз:
●
DriveLock қорғанысы қатты дискіге қолданылған соң, қатты дискіге тек пайдаланушы құпия
сөзін немесе басты құпия сөзді енгізу арқылы кіруге болады.
●
Пайдаланушы құпия сөзінің иегері қорғалған қатты дискінің ағымдағы пайдаланушысы
болу
керек. Басты құпия сөздің иегері жүйе əкімшісі немесе ағымдағы пайдаланушы болуы
мүмкін.
●
Пайдаланушы құпия сөзі мен басты құпия сөз бірдей болуы мүмкін.
●
Пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзді тек DriveLock қорғанысын дискіден алу
арқылы жоюға болады. DriveLock қорғанысын дискіден тек басты құпия сөз арқылы алуға
болады.
DriveLock құпия сөзін орнату
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін
ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Set DriveLock Password (global) (DriveLock құпиясөзін орнату (
ғаламдық)) пəрменін
таңдаңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен қорғалатын қатты дискіні
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз.
7. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
8. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
9. Нұсқау берілгенде,
пайдаланушы құпия сөзін теріп, enter пернесін басыңыз.
10. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін растау үшін, қайта теріп, enter пернесін
басыңыз.
11. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында
DriveLock деп теріп, enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін растағанда, əріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек.
12. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
74 Бап 9 Қауіпсіздік










