User Guide - Windows 8

5. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock қорғанысын алу
Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock құпия сөзі) тармақтарын таңдаңыз
, содан кейін
enter пернесін басыңыз.
4. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter
пернесін басыңыз.
5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Disable protection (Қорғанысты
ажырату) пəрменін таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен
File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
Компьютерді электрондық пошта, желі немесе Интернет бетін ашу үшін пайдаланғанда оған
вирустар ену қаупі төнеді. Компьютерлік вирустер амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
қызметтік бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне əкеліп
соқтырады.
Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, жəне көбінесе олардың
келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымда қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыру керек.
Вирусқа қарсы бағдарлама компьютеріңізде алдын-ала орнатылған болуы жəне алдын-ала
ұсыныс жасауы мүмкін. Компьютеріңізді толығымен қорғау үшін, ұсыныс жасалған кезде
жаңарту жасау немесе өзіңіз қалаған вирусқа қарсы бағдарлама сатып алу ұсынылады.
Анықтама жəне қолдау орталығына қатынасу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) орталығында Іздеу жолағына вирусы (вирустар) сөзін жазыңыз. Бастау экранына с
əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 77