User Guide - Windows 8

Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск немесе желілік дискіге сақтауға
болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран
суретін жасау
арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Бастау экранында резервная копия (сақтық көшірме) деп теріп, Параметры
(Параметрлер) пəрменін басып, көрсетілген параметрлер тізімінен таңдаңыз.
2. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу медиасын жасаңыз (тек
таңдаулы үлгілерде).
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты
қалпына келтіруге болады. Windows жүктеу кезіндегі қалпына келтіру құралының көмегімен
Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
f11
қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып
компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
Бастау экранына с əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын
таңдаңыз.
Жүктеу кезінде қалпына келтіру құралының көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 87