User Guide - Windows 8

ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні біржолата жойып, қайта пішімдейді.
Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал
біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру
сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды
жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің жəне Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз.
Бастау экранына п əрпін жазып, Проводник (Жетектеуші) пəрменін таңдаңыз.
немесе
Бастау экранына к деп жазып, одан кейін Компьютер пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Windows жəне HP қалпына келтіру бөлімдері тізімде болмаса, амалдық
жүйені жəне бағдарламаларды Windows 8 амалдық жүйесінің медиасы жəне «Драйверді
қалпына келтіру» дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып алынады) қалпына келтіру керек.
Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану 89-бетте бөлімін қараңыз.
3. Егер Windows жəне HP қалпына келтіру бөлімдері тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта
бастаңыз. Windows жүйесі жүктелгеннен кейін Перезапуск (Қайта бастау) түймесін
басқанда shift пернесін басып тұрыңыз.
4. Startup Repair (Басталғанда қалпына келтіру) пəрменін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Справка и Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз. Бастау
экранына с əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта
пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген
бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта
орнатылған амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады.
Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады.
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранына К əрпін жазып,
одан кейін Компьютер пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісі мен «Драйверді қалпына келтіру» дискісін (екеуі де
бөлек сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 89-бетте бөлімін
қараңыз.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз жəне
экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
88 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру