User Guide - Windows 8

4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support
торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD дискісіне тапсырыс бере
аласыз. Байланыс ақпаратын алу үшін компьютермен бірге жіберілген Worldwide Telephone
Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 8 амалдық жүйесінің медиасын пайдалану қатты диск ішіндегісін
толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен
компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. Қайта
пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін:
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін
Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін:
1. Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін шығарып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін
шығарып алыңыз.
2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған
бағдарламаларды орнатыңыз.
HP Software Setup утилитасын пайдалану
HP Software Setup утилитасын драйверлерді немесе зақымдалған не жүйеден жойылған кейбір
бағдарламалық құралдарды қайта орнату үшін қолдануға болады.
1. Бастау экранына HP Software Setup (НР бағдарламалық құралдарды орнату) деп
жазып, Приложения (Бағдарламалар) белгішесін таңдаңыз.
2. HP Software Setup утилитасын ашыңыз.
3. Драйверлерді қайта орнату немесе бағдарлама таңдау үшін, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 89