When you start, the HP laptop is Windows 7
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет
қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін
желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы
идентификаторы мен құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз
жерде сақтаңыз.
Жаңа Интернет жазбасын орнату немесе компьютердегі бар жазбаны пайдалануды реттеу үшін
көмектесетін мынадай мүмкіндіктер бар:
●
Интернет қызметтері жəне ұсыныстар (кейбір жерлерде қол жетімді)— бұл мүмкіндік
арқылы жаңа Интернет жазбасын орнатуға жəне бар жазбаны пайдалану үшін
компьютерді реттеуге болады. Бұл мүмкіндікке қол жеткізу үшін Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) > Communication & Chat
(Байланыс жəне сөйлесу)
тармағын таңдаңыз.
●
ISP қамтамасыз еткен белгішелер (кейбір жерлерде қол жетімді)— бұл белгішелер
Windows жұмыс үстелінде көрсетілуі немесе «Интернет-службы» (Интернет қызметтері)
атты жұмыс үстелі қалтасында топталуы мүмкін. Компьютерде жаңа Интернет жазбасын
орнату немесе компьютерді бар жазбаны пайдаланатын етіп реттеу үшін белгішені екі рет
басып, экранға шығатын нұсқауларды орындаңыз.
●
Windows Интернетке қосылу шебері— Интернетке қосылу үшін мынадай жағдайларда
Windows Интернетке қосылу шеберін пайдалана аласыз:
◦
Егер Интернет қызметтерін жеткізуші жазбасы болса.
◦
Интернет жазбасы жоқ, бірақ шебер ұсынған тізімнен Интернет қызметтерін
жеткізушіні таңдап алу қажет болса. (ISP провайдерлерінің тізімі барлық аймақтарда
бола бермейді).
◦
Тізімде жоқ Интернет қызметтерін жеткізуші таңдалып, олар арнайы IP мекенжайы,
POP3 жəне SMTP
параметрлері сияқты ақпаратпен қамтамасыз еткен жағдайда.
Windows Интернетке қосылу шебері мен шеберді пайдалануға арналған нұсқауларды ашу
үшін Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі
жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақтасу
орталығы) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows шебер желіаралық қалқанын қосу немесе өшіру арасында таңдау
жасауды ұсынған жағдайда қалқанды қосуды таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым орнына радиотолқындар арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
●
HP мобильді кең жолақты модулі, сымсыз кең аймақ желісі (WWAN) құрылғысы
●
Bluetooth құрылғысы
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану 19










