When you start, the HP laptop is Windows 7
Сымсыз технология жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін
HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын, əрі «Справка и поддержка» (Анықтама жəне
қолдау) орталығында берілген ақпарат пен веб-торап сілтемелерін қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін
басыңыз.
4. Қосылатын сымсыз жергілікті желіні таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер ешбір сымсыз жергілікті желілер болмаса, сіз сымсыз маршрутизатор
немесе кіру нүктесінің ауқымынан тыс болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Қосылу керек сымсыз жергілікті желіні көрмесеңіз, Открыть Центр
управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақтасу орталығын ашу)
белгішесін басыңыз да, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым
немесе желі орнату) пəрменін таңдаңыз. Параметрлер тізімі көрсетіледі. Желіні қолмен
іздеп қосылуға немесе жаңа желілік байланысты жасауға болады.
5. Подключиться (Қосылу) түймесін басыңыз.
6. Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады, бұл қауіпсіздік коды болып табылады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK
түймешігін басыңыз.
Жаңа сымсыз желіні орнату
Қажетті жабдықтар:
●
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (бөлек сатылады) (1) жəне Интернет қызметін
жеткізушіден (ISP) сатып алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі
●
Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2)
●
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдерде ендірілген сымсыз маршрутизатор болады. Сіздегі модем түрін
анықтау үшін интернет қызметтерін көрсетушіге хабарласыңыз.
Төмендегі суретте Интернетке қосылған сымсыз желіні орнату мысалы көрсетілген. Желі
кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді
қосуға болады.
20 Бап 3 Желі орнату










