When you start, the HP laptop is Windows 7
Пернетақтаны пайдалану
Пернелер тіркесімдерін анықтау
Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің
біреуінің тіркесімі. Əр перненің қандай қызметті атқаратыны нақты ноутбук үлгісіне байланысты.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің жұмыс үстелі осы бөлімде берілген суреттегіден сəл өзгешелеу
болуы мүмкін.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін жылдам басыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc Жүйе туралы ақпаратты көрсетеді.
fn+f3 Ұйқы режимін бастайды. Бұл кезде ақпарат жүйелік жадқа сақталады. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат үнемделеді.
Ұйқы режимінен шығу үшін қуат түймесін басып, дереу қайта жіберіңіз.
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуын болдырмау үшін ұйқы режимін бастамай тұрып жұмысыңызды
сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы режимінде кезде батарея зарядының деңгейі қатты төмендесе,
компьютер гибернация режимін бастайды жəне жүйелік жадта сақталған ақпарат қатты дискіге
сақталады.
fn+f3 пернелер тіркесімінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, ұйқы режимінің орнына
гибернация режимін бастау үшін fn+f3 пернелер тіркесімін орнатуға болады. Барлық Windows
амалдық жүйе терезелерінде ұйқы түймесіне сілтемелер fn+f3 пернелер тіркесімін білдіреді.
Пернетақтаны пайдалану 23










