When you start, the HP laptop is Windows 7

Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне
ақпаратты қабылдап
жатқан басқа құрылғылар арасында кескіндерді ауыстыра алады.
fn+f6 Үндеткіш дыбысын азайтады.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын арттырады.
fn+f8 HP Power Assistant қолданбасын іске қосады. Орнатылған барлық батареялардың заряд
мəліметтерін көрсетеді. Дисплей қай батареянын зарядталғанын көрсетіп тұрады жəне əр
батареяда қалған заряд көлемі жайында есеп береді.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін азайтады.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін арттырады.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта бар. Сондай-ақ, компьютер қосымша сыртқы
сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны
қолдайды.
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану
24 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар